Competition in this pair is now closed. Discussion and feedback about the competition in this language pair may now be provided by visiting the "Discussion & feedback" page for this pair. Entries may also be individually discussed by clicking the "Discuss" link next to any listed entry. Source text in English A theme of the age, at least in the developed world, is that people crave silence and can find none. The roar of traffic, the ceaseless beep of phones, digital announcements in buses and trains, TV sets blaring even in empty offices, are an endless battery and distraction. The human race is exhausting itself with noise and longs for its opposite—whether in the wilds, on the wide ocean or in some retreat dedicated to stillness and concentration. Alain Corbin, a history professor, writes from his refuge in the Sorbonne, and Erling Kagge, a Norwegian explorer, from his memories of the wastes of Antarctica, where both have tried to escape.
And yet, as Mr Corbin points out in "A History of Silence", there is probably no more noise than there used to be. Before pneumatic tyres, city streets were full of the deafening clang of metal-rimmed wheels and horseshoes on stone. Before voluntary isolation on mobile phones, buses and trains rang with conversation. Newspaper-sellers did not leave their wares in a mute pile, but advertised them at top volume, as did vendors of cherries, violets and fresh mackerel. The theatre and the opera were a chaos of huzzahs and barracking. Even in the countryside, peasants sang as they drudged. They don’t sing now.
What has changed is not so much the level of noise, which previous centuries also complained about, but the level of distraction, which occupies the space that silence might invade. There looms another paradox, because when it does invade—in the depths of a pine forest, in the naked desert, in a suddenly vacated room—it often proves unnerving rather than welcome. Dread creeps in; the ear instinctively fastens on anything, whether fire-hiss or bird call or susurrus of leaves, that will save it from this unknown emptiness. People want silence, but not that much. | Winning entries could not be determined in this language pair.There were 7 entries submitted in this pair during the submission phase. Not enough votes were submitted by peers for a winning entry to be determined.
Competition in this pair is now closed. | Бүгінгі заманауи технологияның дамыған дәуірінде адамдардың тыныштықты аңсайтыны жасырын емес. Ағыл-тегіл сабылысқан көліктердің гүрілі, телефондардың тынымсыз ызыңы, қоғамдық көліктердегі цифрлық хабарландырулар, кеңсе қаңырап бос тұрса да, үзіліссіз "сөйлеп" тұратын теледидарлар жүйкені тоздырып, көңілді алаңдатады. Осылайша адам баласы шулы қаланың шырмауына байланып, шырқы бұзылмаған табиғаттан, шеті мен шегі жоқ мұхиттан немесе жай ғана ойды бір сағаға шоғырландыруға таптырмайтын тыныштық құрсағындағы жерлерден алыстап бара жатыр. Сорбоннадағы тарих ғылымдарының профессоры Ален Корбин мен норвегиялық зерттеуші Эрлинг Кагге Антарктидадағы өз естеліктерімен бөліседі. Олар екеуі де сол жаққа барып келген болатын. Дегенмен Корбин мырза өзінің "Тыныштық тарихы" кітабында қазіргі шуыл деңгейі бұрынғыға қарағанда бәсең екенін айтады. Пневматикалық шиналар ойлап табылғанға дейін, қала көшелерінде салдырлаған темір жиекті дөңгелектер мен тұяғы тасқа тиген аттардың дауысы құлақ тұндыратын. Ұялы телефондар пайда болғанға дейін, автобустар мен пойыздар байланыс құралы ретінде пайдаланылған. Газет сатушылар өз тауарларын үнсіз өткізген жоқ, дауыстары қарлыққанша айқайлап жарнамалайтын. Оларға шие, гүл және балық сатушыларыдың дауысын қосыңыз. Театр мен опера айқай-шу мен қиқудың ордасы еді. Тіпті қала сыртындағы шаруалар бақырып ән айтатын. Ал қазіргі жағдай мүлде бөлек. Осы тұрғыдан алғанда, өткен ғасырлардағы шуыл деңгейі айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Бірақ көңілді алаңдататын нәрселер тыныштықтың орнын басқан секілді. Мұнда тағы бір парадокстың шеті қылтыяды. Себебі қарағайлы орманның қақ ортасындағы, көкжиегіне көз жетпейтін шөлдегі, босап қалған бөлмедегі тыныштық көңілімізге рақат сыйлағаннан гөрі жүйкемізді тоздыратыны бар. Санаңды қорқыныш билейді. Оттың лаулағаны, құстың шырылы немесе жапырақтардың сыбдыры сияқты болмашы дауыстарға құлағыңыз елең қағып отырады. Олардың барлығы бізді толықтай тыныштықтан құтқаратын нәрселер. Адамдар тыныштықты қалағанымен, оның да шектен шығып кетпегенін жөн көреді. | Entry #23938 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
22 | 4 x4 | 3 x2 | 0 |
- 3 users entered 6 "like" tags
үзіліссіз "сөйлеп" тұратын | Other Nice replacement of the original phrase | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
жүйкені тоздырып, көңілді алаңдатады. | Flows well | Leila Nussupova No agrees/disagrees | |
темір жиекті дөңгелектер | Flows well | Nura888 No agrees/disagrees | |
Себебі қарағайлы орманның қақ ортасындағы, көкжиегіне көз жетпейтін шөлдегі, босап қалған бөлмедегі тыныштық көңілімізге рақат сыйлағаннан гөрі жүйкемізді тоздыратыны бар. | Flows well | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
- 1 user entered 5 "dislike" tags
- 1 user agreed with "dislikes" (4 total agrees)
+1 Бүгінгі заманауи технологияның дамыған дәуірінд | Other Additional information, that wasn't in the text. | Margulan Sharip | |
+1 Олар екеуі де сол жаққа барып келген болатын | Mistranslations Both of them didn't visit the Antarctica. | Margulan Sharip | |
байланыс құралы ретінде пайдаланылған | Mistranslations Buses and public transport wasn't used as a communication device. | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
| Осы ғасырдың, ең азында, дамыған әлемнің өзекті мәселесі адамдардың тыныштықты көксесе де, оған қол жеткізе алмауында жатыр. Жолдарда азан-қазан болып жататын көліктер, үні өшпейтін телефондардың ызыңы, автобус пен пойыздарда жансыз дауыспен айтылатын хабарландырулар, иен кеңселерде босқа істеп, зарлаған теледидарлардың дауысы — осының бәрі дамылсыз оқ атқан батарея іспетті назарды бір нәрсеге шоғырландыруды қиындатады. Адамзат шудан шаршап, діңкесі құрыған, жабайы табиғаттан, мұхит тұнығынан, тым-тырыс және зейінді жұмылдыруға арналған басқа жерде аңсап іздегені — жан тыныштығы. Тарих ғылымдарының профессоры Ален Корбен өз еңбектерін Сорбоннадағы көзден таса мекенінде отырып жазады, ал норвегиялық зерттеуші Эрлинг Кагге Антарктика жеріндегі көргендерін есіне алып жазады. Осы екі тұлға да күйбең тіршіліктен пана табуға тырысқан. Әйткенмен, Корбен мырзаның «Үнсіздік тарихы» атты еңбегіндегі сөзіне сүйенсек: шу деңгейі өткен заманға қарағанда артпаса керек. Ауамен үрленетін дөңгелектерден бұрын, қаланың көшелерін арбалардың темірмен көмкерілген дөңгелектері мен тағаланған аттардың тас жолдардағы жүрісінен шыққан шыңылы толтыратын. Ұялы телефондарға үңілген адамдардан бұрын, автобус пен пойыздарда адамдардың гу-гу әңгімесі бітпейтін. Газет сатушылар тауарларын үнсіз тұрып сатқан емес, оның орнына бар дауысымен жарнамалайтын, ал оларға шие, гүл және балық сатушылар да қосылатын. Театр мен опера өтетін ғимараттар ырду-дырду болып, бықыған адамға толып жататын. Қырдың өзінде шаруалар ауыр жұмысты ән айтып істейтін. Қазіргі кезде олар ән айтудан қалған. Өзгеріске ұшыраған, бұрынғы ғасырларда да шағым туғызған, шу деңгейі емес, орнын тыныштық толтырып, басып ала алатын кеңістікті алып тұрған зейінді шоғырландыра алмаушылық. Қызығы сол — орманның түкпірі, иен сахара, кенет босап қалған бөлме сияқты жерлерде адам тыныштыққа қуанудың орнына, кейіді. Адам бойын қорқыныш билеп алады; ол құлағын ысылдаған отқа, құстың дауысына, жапырақ сыбдырына, яғни осы бейтаныс шыңыраудан құтқаратын кез келген нәрсеге түреді. Адамдар тыныштықты қаласа да, оған сондай ынтық емес. | Entry #24088 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
17 | 3 x4 | 1 x2 | 3 x1 |
- 2 users entered 4 "like" tags
- 1 user agreed with "likes" (2 total agrees)
Газет сатушылар тауарларын үнсіз тұрып сатқан емес, оның орнына бар дауысымен жарнамалайтын, ал оларға шие, гүл және балық сатушылар да қосылатын. | Flows well | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
Қырдың өзінде шаруалар ауыр жұмысты ән айтып істейтін. | Flows well | Leila Nussupova No agrees/disagrees | |
- 3 users entered 6 "dislike" tags
- 1 user agreed with "dislikes" (3 total agrees)
- 3 users disagreed with "dislikes" (5 total disagrees)
кейіді. | Inconsistencies | Nura888 No agrees/disagrees | |
| Басқасын былай қойғанда дамыған елдердегі осы ғасырға тән мынадай бір мәселе бар: кейде адамдар тыныштықты аңсап, іздесе де оны еш жерден таба алмайды. Көлік ағынының гүрілі, телефондардың үздіксіз шырылы, автобустар мен пойыздардағы сандық хабарламалар, тіпті бос кеңселердің өзінде де саңқылдап тұрған теледидарлар, осының бәрі тоқтамайтын және алаңдатып, назарды бұра тартып әкететін бір дүние. Адамзат баласы шумен және оған қарама-қайшы ұғым – жабайы табиғатта, ашық мұхитта немесе қандай да болмасын оңаша орында болатын үнсіздік пен ойды жинақтауға арналған – тыныштықты аңсаумен өз жанын өзі жегідей жеуде. Тарих профессоры Ален Корбин (Alain Corbin) өз еңбектерін Сорбон атты оңаша орында, ал норвегиялық зерттеуші Эрлинг Кэгг (Erling Kagge) Антарктидадағы шимай қағаздарындағы естеліктерінде жазғанындай, екеуі де осы жерлерге оңаша қалу үшін кетіп қалуға әрекет жасап көрген. Десе де, Корбин мырза өзінің «Үнсіздік тарихы» атты еңбегінде атап көрсеткендей, қазір бұрынғыдай шу жоқ та шығар. Ауамен толтырылатын резеңке доңғалақтар шыққанға дейін қала көшелері темірмен жиектелген дөңгелектердің және тастағы ат тұяқтарының құлақ тұндыратын тарсылына толып кететін. Адамдар ерікті түрде ұялы телефондарымен оқшауланғанға дейін автобустар мен пойыздарда ұзақ-сонар әңгіме ызыңдап тұратын. Үнқағаз сатушылар өз өнімдерін үнсіз күйде үйіп қоя салмай оларды бар даусымен жарнамалайтын, ал шие, шегіргүл және макрель саудагерлері де тура солай істейтін. Театр мен опера да бейберекет көтеріңкі дауыс пен ысқырушылардың шуына толатын. Тіпті ауылды жердің өзінде шаруалар ауыр жұмыс істегенде ән айтатын. Қазір олар ән айтпайды. Сондағы өзгерген нәрсе – шудың деңгейі емес, себебі алдыңғы ғасырларда да адамдар оған шағымданатын. Өзгерген нәрсе – тыныштықтың басар орнын алып қойған алаңдатудың, назарды бұра тартудың деңгейі. Осы жерде басқа парадокс пайда болады. Айталық, қарағай орманының қою ортасында, тірі жан жоқ шөлде, кенеттен қаңырап қалған бөлмеде тыныштық орнаған кезде оны құп көргеннен гөрі мазасызданудың орын алуы жиі кездеседі. Ондайда көңілге үрей кіре қалады; құлағымыз инстинктивті түрде оттың тысырына не құстың сайрағанына не жапырақтың сыбдырына болсын, әйтеуір осы бейтаныс бостықтан құтқаратын не нәрсеге болса да елеңдей қалады. Адамдар тыныштықты қалайды, алайда соншалықты көп мөлшерде емес. | Entry #24277 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
6 | 0 | 3 x2 | 0 |
- 3 users entered 4 "like" tags
Көлік ағынының гүрілі | Flows well This's actually what's meant in the source | tilmash No agrees/disagrees | |
қарағай орманының қою ортасында, тірі жан жоқ шөлде, кенеттен қаңырап қалған бөлмеде | Flows well | Leila Nussupova No agrees/disagrees | |
- 2 users entered 5 "dislike" tags
- 1 user agreed with "dislikes" (1 total agree)
- 2 users disagreed with "dislikes" (5 total disagrees)
-1 1 сандық | Other Wrong term use. It is an inconvenient phrase for the Kazakh language. | Margulan Sharip | |
Сорбон атты оңаша орында | Mistranslations It is a place located in the Sorbonne, not his own property. | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
-1 1 доңғалақтар | Other Wrong term. "Доңғалақ" means "a circle", it should be "шиналар" (tyres). | Margulan Sharip | |
| Қазіргі заманда, әсіресе дамыған елдерде, адамзаттың тыныштықты аңсауы, бірақ оны таба алмауы өзекті мәселе. Шулы көшелер, телефонның үздіксіз шырылдауы, автобустар мен поездердегі цифрлік хабарландырулар, кеңселер бос болса да, ол жердегі қосулы теледидарлар қуаты таусылмайтын, назарыңды үнемі бөліп тұратын кедергі. Адамзат осы шуылдан қажығаны соншалық, жабайы табиғатты, байтақ мұхитты немесе зейін қойып, тыныштықта отыра алатын жерді сағынады. Тарих профессоры Ален Корбен Сорбоннадан пана тапқан, ал Норвегиялық зерттеуші Эрлинг Каггенің Антарктиканың жойылуы туралы естеліктерін қарасақ, екеуі де осы заманның шуылынан қашпақ болғаны анық. Корбен өзінің "Тыныштық тарихы" атты шығармасында қазігі шуыл бұрынғыдан жоғары еместігін жазған. Пневматикалық шиналар жоқ кезде қала көшелерінде құлақты жаратын метал дөңгелектер мен ат тұяғының тасқа соғылған дыбыстары шығып жататын. Ұялы телефонмен ерікті түрде оқшауланбай тұрып, автобустар мен поездердің ішінде адамдардың әңгімесі естілетін. Жеміс, гүл және жаңа ауланған балық сатушылары сияқты газет сатушылары да тауарларын жай ғана үйіп шығарып қоймай, оны бар даусымен жарнамалайтын. Театрлар мен операларда мадақтаулар, шапалақтар мен ысқырықтар естілетін. Тіпті ауылды мекендерде шаруалар ауыр жұмыстарын жасап жүріп ән айтатын. Қазір әндері естілмейді. Қазіргі заманның басты өзгерісі, көп ғасырлар бойы шағымданып келе жатқан, шуыл деңгейі емес, тыныштық бар кеңістікке де әсерін тигізетін көңілді бөлетін кедергі деңгейі. Бұл тағы бір парадоксті тудырады, өйткені тыныштық қарағай орманының қақ ортасында, шөл далада немесе босап қалған бөлмеде орын алса, оған адам қуанбайды, керісінше үрейлене түседі. Жаны түршігіп, сезікті түрде өрттің шытырлауы, құстың сайырауы, жапырақтың сыбдыры сияқты кез келген дыбысты тыңдап, белгісіз тыныштықтан құтылу жолын іздейді. Адамға тыныштық керек, бірақ оны соншалықты қажет етпейді. | Entry #24112 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
5 | 1 x4 | 0 | 1 x1 |
- 2 users entered 5 "like" tags
- 1 user agreed with "likes" (1 total agree)
- 2 users disagreed with "likes" (2 total disagrees)
екеуі де осы заманның шуылынан қашпақ болғаны анық. | Flows well | Nura888 No agrees/disagrees | |
мадақтаулар, шапалақтар мен ысқырықтар | Flows well | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
- 1 user entered 7 "dislike" tags
- 2 users agreed with "dislikes" (3 total agrees)
- 1 user disagreed with "dislikes" (3 total disagrees)
-1 +1 2 Шулы көшелер | Other Too general phrase. It can be more exact. | Margulan Sharip | |
-1 1 қуаты таусылмайтын | Omission Seems like word missed after this phrase. | Margulan Sharip | |
Антарктиканың жойылуы | Mistranslations There is nothing about "destruction of Antarctica" in the source text | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
-1 1 шығармасында | Mistranslations It is not just a creation. It is a book. | Margulan Sharip | |
| Дамыған елдердегі ең басты мәселелердің бірі – адамдар тыныштықта өмір сүргенді қалайды, бірақ сол тыныштықты табуға шамасы келмейді. Жол қозғалысының шуылы, телефондардың тынымсыз шырылы, автобустар мен пойыздардағы, тіпті бос ғимараттарда да жұмыс істеп тұратын теледидардағы цифрлық хабарландырулар – бізді алаңдататын, көңілімізді бөлетін осы оқиғалардың барлығы өмірімізге араласып кетті. Адамзат өзін әбден шаршатты, жан-жақтағы шудан, абыр-дабырдан қалжырады, сондықтан осыған қарама-қарсы әрекеттер туралы армандайды, яғни табиғат аясында болсын, теңіз жағалауында немесе қандай да бір баспанада болсын, жаны рахаттанып, демалғысы келеді. Тарих профессоры Ален Корбен өзінің Сорбондағы баспанасынан және норвегиялық жазушы Эрлинг Кагге өздері қашып кеткісі келген Антарктидада жүрген кездегі естеліктері туралы былай деп жазады: Дегенмен де, Корбен мырза «Тыныштық тарихында» көрсеткеніндей, шуыл бұрынғы қалпынан өзгермеген сыңайлы. Пневматикалық шиналар пайда болмай тұрғанда, қала көшелері металл жиектемелері және тастан жасалған тағалары бар дөңгелектердің құлақ тұндыратын дауыстарына толы болды. Ұялы телефондар пайда болмас бұрын, автобустар мен пойыздар кеңістікті өз сигналдарымен жарып жіберетін. Газет сатушылар өз тауарларын тыныш жүріп сатпай, керісінше ең қатты дауыспен жарнамалап жүрді, сондай-ақ шие, шегіргүл, балғын скумбрия сатушылар да тура осылай жасайтын. Театр мен опера ысқырық пен қуаныштың ортасы болды. Тіптен ауылдық жерлерде шаруалар іш пыстырарлық жұмысты істегенде, көңіл көтерерлік ән айтатын. Бірақ қазір олар өлең айтпайды. Тек өзгергені – бұл өткен ғасырда да мазаны алған шуыл деңгейі ғана емес, сонымен бірге тыныштық орнайтын кеңістікке енетін көңіл аудару деңгейі өзгерді. Мұнда тағы бір қарама-қайшылық байқалады, себебі, қарағай орманында, шөл далаларда, кенеттен бос қалған бөлмеде тыныштық орнаған кезде, бұл жанға жайлылық сыйлағаннан гөрі, бойға үрей ұялататын сияқты. Бойыңды үрей билейді; тыңдаушысын мағынасыздықтан құтқару үшін құлағыңыз құстың сайрағаны, шиқылдағаны, жапырақтың сыбдыры болсын, кез-келген дыбыстарға түрік болады. Адамдардың жаны тыныштықты қалайды, бірақ өмірде әр нәрсенің өз мөлшері болады. | Entry #24242 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
4 | 1 x4 | 0 | 0 |
- 1 user entered 9 "dislike" tags
- 2 users agreed with "dislikes" (11 total agrees)
+2 жүрген кездегі естеліктері туралы былай деп жазады: | Grammar errors | Leila Nussupova | |
+2 1 тастан жасалған тағалары бар дөңгелектердің | Mistranslations | Leila Nussupova | |
+1 тыныш жүріп сатпай, керісінше ең қатты дауыспен жарнамалап жүрді | Inconsistencies | Leila Nussupova | |
| Қазіргі заман адамдары, әсіресе дамыған елдерде, бар есіл-дертімен тыныштықты іздеуге кіріскен. Бірақ күйбелең тірліктен ешкім толық қашып құтылған емес. Машинаның гүрілі, телефонның шырылы, автобустар мен пойыздарда жарқырап жанған жарнамалар, көретін жан жоқ болса да, күні-түні тыным таппай хабар тарататын теледидарлар — бұның бәрі бір сәтке де үзілмейді. Осыншама шудан әбден жүдеп біткен адамдар енді керісінше жабайы табиғатқа, ұшы-қиыры жоқ мұхиттарға немесе ештеңеге алаңдамай, есін жиюға мүмкіндік беретін оңаша жерлерге барып, миын тынықтырғанды жөн көреді. Солардың бірі, тарих профессоры Ален Корбен өз еңбектерін осындай тынымсыздықтан пана болған Сорбонна университетінде жазса, норвег зерттеушісі Эрлинг Кагге Антарктиданың ластануы жайлы естеліктерін сол жерде отырып жазған. Алайда Корбен өзінің "Тыныштық тарихы" атты еңбегінде қазіргі шу көлемі бұрынғыдан арта қоймаған деп мәлімдейді. Өткен ғасырларда қолданыста болған көшелерде қаптап жүрген арба-көліктердің пневматикалық шиналарынан, металл тоғынға салынған дөңгелектерінен, ат тағаларының тасқа тиюінен шудың даңғырлап-гүрсілдеп шығып жатуы — соның дәлелі. Ұялы телефондар шықпаған заманда автобустар мен пойыздар бір-біріне сигнал беріп сөйлесетін. Газет-журналдарды сатушылар қазіргідей дүңгіршектерде отырмай, бар даусымен айқайлап, дабыл қағатын. Олардан жеміс-жидек, гүл және балық сатушылары да қалыспайтын. Театрлардағы спектакльдер мен операларда жан-жақтан қолпаштаған дауыстар немесе наразылықты білдіретін ысқырықтар шығып жататын. Тіпті ауылдардың өзінде тыныш болмайтын — ауыр жұмыстан шаршаған шаруалар ән айтып көңіл сергітетін. Қазір ондай салт ұмытылып кеткен. Қазір өткен ғасырлардан бері адамдардың өміріне сіңіп кеткен шу деңгейі өзгере қойған жоқ. Мәселе — мазасыздықтың шудан емес, тыныштықтан пайда болуында. Бұл — кереғар құбылыс. Ну орманның ішінде, құлазыған қу шөлде, не болмаса жай ғана бос бөлмеде жалғыз қалған адам тыныштықта тынығудың орнына одан бетер уайымдай түседі. Мұндай тыныштыққа үйренбеген адам үрейге бой алдырып, әрбір сыбдырға, тіпті оттың шытырына, құстың шықылына, жапырақтардың тысырына құлақ тосады. Біз тыныштықты сонша қалаймыз, бірақ тыныштық тым көп болса, оны игере алмаймыз. | Entry #24077 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
1 | 0 | 0 | 1 x1 |
- 3 users entered 4 "like" tags
- 2 users disagreed with "likes" (2 total disagrees)
-2 2 Қазір ондай салт ұмытылып кеткен. | Flows well This phrase corresponds to the meaning of the phrase in the source text. | Margulan Sharip | |
- 2 users entered 11 "dislike" tags
- 1 user agreed with "dislikes" (1 total agree)
- 1 user disagreed with "dislikes" (1 total disagree)
тыныштықты іздеуге кіріскен | Inconsistencies | Leila Nussupova No agrees/disagrees | |
ластануы жайлы | Mistranslations The word "wastes" is not about pollution. It means "deserts". | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
естеліктерін сол жерде отырып жазған. | Mistranslations he didn't write his memories in Antarctika | Leila Nussupova No agrees/disagrees | |
рба-көліктердің пневматикалық шиналарынан | Spelling | Leila Nussupova No agrees/disagrees | |
— соның дәлелі. | Other This is a phrase created and added by author of translation. | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
-журналдарды | Mistranslations The word "Газет" will be enough. | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
дүңгіршектерде отырмай | Mistranslations Newspaper-sellers did not seat in their kiosks. | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
дабыл қағатын | Mistranslations They used to advertise their goods, not "alarming". | Margulan Sharip No agrees/disagrees | |
+1 1 бірақ тыныштық тым көп болса, оны игере алмаймыз. | Other There is no phrase in the text that "we can't handle the silence" | Margulan Sharip | |
| Адамдардың тыныштықты аңсап, оны таппауы дамыған елдерде - осы ғасырдың тақырыбы. Көліктердің даңғыры, ұялы телефондардың таусылмас шуы, автобустар мен пойыздардағы жарнама, тіпті бос кеңселердегі теледидарлардың ақырған дауысы - бітпейтін азап пен назарды бөлу. Адамзат өзін шумен және тыныштықты аңсаумен қажытуда, оның қайда табылатыны - ормандарда, мұхиттың ортасында немесе сабырлық пен концентрацияға арналған оңаша жерде болсын - маңызды емес. Осы туралы, әлемнен безіп кетуге тырысқан Ален Корбен, тарих профессоры, Сорбонадағы баспанасында отырып жазса, Эрлинг Кагге, норвегиялық саяхатшы, өзінің Антарктикадағы даланы еске ала отырып айтуда. Бірақ, Корбен мырза, өзінің "Тыныштық тарихы" атты кітабында, өткен ғасырдағы шудан асқан шу болмаған шығар дейді. Өйткені, бұрын, ішінде ауасы бар шина болмаған кезде, қала көшелерінде тасқа соғылған тағалар мен темір дөңгелектердің шу ғана болатын. Ұялы телефондарға өз еркімізбен үңілген заманға дейін, автобустар мен пойыздар әңгіменің шуына толы еді. Газет сатушылар өз тауарын үнсіз үйіп тастамайтын, керісінше бар дауысымен жарнамалайтын, шие, гүл және балық сататындар да солай шулайтын. Театрларда халық айқайлап, ысқыратын. Тіпті ауылды жерлерде ауыр жұмысын бітіргендер әнге басатын. Бүгін үнін де шығармайды. Алғашқы ғасырларда наразылық тудыратын шудың деңгейі емес, тыныштықтың орнын басатын, назарды бөлетін заттардың деңгейі өзгерді. Бұл жерде өзге парадокс пайда болады, өйткені - қалың орманда, тақыр далада, бос бөлмеде - тыныштық орнаған кезде қуанбаймыз, қайта тітіркенеміз. Үрей бойымызды алып, құлағымыз осы белгісіздіктен сақтайтын кез келген затты - жаған оттың сықырын, құстардың дауысын, не жапырақтардың сыбдырын - зейін қойып тыңдайды. Адамзат тыныштықты қалайды, бірақ оны бұндай көп мөлшерде қажет етпейді. | Entry #23870 — Discuss 0 — Variant: Not specifiednone
Voting points | 1st | 2nd | 3rd |
---|
0 | 0 | 0 | 0 |
- 2 users entered 9 "dislike" tags
- 2 users agreed with "dislikes" (7 total agrees)
- 1 user disagreed with "dislikes" (6 total disagrees)
| | | | | X Sign in to your ProZ.com account... | | | | | | ProZ.com translation contestsProZ.com translation contests offer a fun way to take a break from your normal routine while testing and honing your skills with fellow translators.
ProZ.com Translation Contests. Patent pending. |